Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір шаруашылықта 100 сиыр өлген: Атырау облысында мал жаппай қырылып жатыр

Атырау облысына қарасты "Соколок" каналында мал қырылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Қала маңындағы "Соколок" каналындағы шаруашылықтарда жаппай мал қырылып жатыр. Бір шаруашылықтан 100 басқа жуық сиыр өліп, шаруашылық қожайындарын сергелдеңге салып қойған. Мамандардың айтуынша жаппай мал өліміне жұқпалы ауру себеп болған.

Өткен жылы Атырау облысына қарасты Қайыршақты ауылындағы жеке сиыр қожалықтарында мал өлімі басталған. Қожалық директоры Ирина Долголовецтың айтуына қарағанда кәсіпкер 90 бас ірі қарасынан айырылған. Дерт басталғаннан-ақ тиісті мекемелерге хабарласқан Ирина Долголовец ешқандай шара қолданылмағанын айтады.

"Менің сиырларым ауырып болған секілді. Сондықтан қатты қорқыныш  жоқ менде. Яғни, ағзаларында ауруға қарсы иммунитет қалыптасты деп ойлаймын. Бірақ, бұл баяу іске қосылатын жарылғыш зат тәрізді. 10 күн бұрын осы маңға басқа сиырлар келген. Қазір ана шұңқырда жатыр. Тез ауырады да, тез өліп кетеді. Сондықтан,бір шарасын алмаса, осы маңдағының бәрі өле береді", - дейді қожалық директоры Ирина Долголовец.

Ірі қаралардың түсініксіз ауруы жайлы Атырау қалалық ветеринария бөлімінің бас маманы  Роман Махметов айтып берді. Маманның айтуынша ірі қара вирусты диареяға шалдыққан.

"Бұл вирустық диарея ның белгісі – ол жердің құнарсыздығынан, шөп-жемнің аздығынан болады. Ол жұқпалы ауруға жатпайды. Сондықтан тек қана шектеу жариялап отырмыз. Шектеу әрі қарай тағы да созылуы мүмкін", - деп зерттеу нәтижелері бойынша түсіндірді Роман Махметов.

Енді мал дәрігерлері ауру тіркелген қожалықтарға дезинфекция жұмыстарын жасап, малдарын вакцинациялау жұмыстарына кіріспек.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр