Вирустар белсенді таралатын кезең: Мамандар күзде иммунитетті қалай нығайтып, аурудан қорғану керегін айтты
Фото: pixabay.com
Дәрігерлер көбіне суық түскенде адамдарда иммунитет әлсіреп, тұмау мен салқын тиюге байланысты шағымдардың күрт артатынын байқауда. Күзде күн суытып бастағанда түрлі вирустарды жұқтырмай, аурудаың алдын алу үшін қалай күтіну керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Адамдар осы мезгілде ЖРВИ, ЖРА және тұмау сияқты маусымдық ауруларға жиі шалдығады. Мамандардың айтуынша, күн қысқарып, жарық азайған сайын ағзада мелатонин гормонының бөлінуі төмендейді. Бұл гормон терең әрі тынықтыратын ұйқыға жауап береді. Нәтижесінде ұйқы қанбай, адамда созылмалы шаршау, әлсіздік пайда болады. Сонымен қатар, күн сәулесі жетіспеген жағдайда организмде D дәрумені синтезделмейді. Бұл дәрумен кальцийдің сіңуіне қажет. Оның жетіспеушілігі шаштың түсуі, тырнақтың сынуы, тері мен тістердің әлсізденуі сияқты белгілермен байқалады.
Күзде ультракүлгін сәуленің азаюымен ауадағы озон қабаты да жұқарады. Ал бұл вирустар мен бактериялардың өміршеңдігін арттырады. Сондықтан да күз айларында адамдар суық тию мен түрлі инфекцияларға жиі шалдығады. Бұған қоса, паразиттік инфекциялар – гельминттер, зиянды бактериялар мен саңырауқұлақтар қоректік заттарды сіңіріп алып, иммунитеттің әлсіреуіне ықпал етеді. Мұндай жағдайда анализ тапсырып, қажет болса, арнайы ем қабылдаған жөн.
Мамандардың айтуынша, иммунитетті күшейтудің ең тиімді жолы салауатты өмір салты. Ең алдымен, тамақтану рационын реттеу қажет. Маусымдық көкөністер мен жемістерді жиі тұтынып, тәтті мен өңделген өнімдерді азайтқан жөн. Асқазан-ішек жолдарында проблема бар адамдар міндетті түрде гастроэнтерологпен кеңесу керек.
Күнделікті қозғалыс – серуен, гимнастика, жеңіл спорт ағзаны нығайтып, түрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сонымен қатар, сапалы әрі жеткілікті ұйқы ағзаның қалпына келуіне тікелей әсер етеді. Таңертеңгілік суық душпен шынығу да иммунитетті нығайтудың бір жолы. Су температурасын біртіндеп төмендету арқылы денені үйретуге болады.
Күзгі маусымда зиянды әдеттерден, әсіресе темекі мен алкогольден бас тарту өте маңызды. Бұл заттар иммундық жүйені әлсіретіп, ағзаны вирустарға осал етеді. Қосымша дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспаларды қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек. Артық мөлшер – ағзаға пайда емес, зиян әкелуі мүмкін.
Қорыта айтқанда, күз ағза үшін сынақ кезеңі. Ал иммунитетті күшейту күнделікті дағдыларды дұрыстаудан басталады.

“Қатардағы қызметкерді қорғап, куәлік еткенім үшін жұмыстан босатты”: Ақтөбелік келіншек әскери горнизондағы әділетсіздікке шағымданды
