Винокуров, Ильин, Смақов, Кака және Тағыберген: Metaratings Top Awards 2026 сыйлығының сарапшы қазылар алқасының құрамы жарияланды

Metaratings Top Awards 2026 ұлттық сыйлығының III маусымына арналған сарапшылар қазылар алқасының құрамы ресми түрде жарияланды. Оның құрамына Қазақстанның танымал спортшылары, жаттықтырушылары және спорт саласының өкілдері енді.
Сыйлықтың сарапшы қазылар алқасының құрамына мына тұлғалар кірді: Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин, аты аңызға айналған футболшы Самат Смақов, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Зенит" футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліп, Қазақстан футзал құрамасының бұрынғы бас бапкері Пауло Рикардо Кака, Ruh Fighting ұйымының негізін қалаушы Рамазан Рамбердиев, Sport Plus Qazaqstan медиа тобының бас директоры Олжас Абраев, Qazsport телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков, "Кинопоиск" онлайн-кинотеатрының спорт бағыты бойынша маркетологі Әлім Раздықов, QJ League ұйымының медиа және маркетинг блогының жетекшісі Антон Лысяк, Metaratings ТМД аймағының директоры Олег Панасюк және Metaratings Қазақстанның бас редакторы Дидар Қадыров.

Сыйлықтың ресми сайтындағы ашық дауыс беру нәтижелері бойынша 10 наурыз күні үш үміткерден тұратын шорт-лист жасақталады. Одан кейін әр номинация бойынша жеңімпазды сарапшы қазылар алқасы анықтайды. Егер қазылар алқасының мүшесі белгілі бір номинацияға үміткер ретінде ұсынылса, онда ол сол номинация бойынша дауыс беруге қатыспайды. Сонымен қатар "Жылдың халықтық букмекері" номинациясында ерекше тәртіп қарастырылған – бұл аталым бойынша жеңімпаз тек халықтық дауыс беру арқылы анықталады.

"Қазақстандағы спорт қарқынды түрде дамып келеді, спортшыларымыз әлемдік рекордтар жаңартып, жүлделі орындарды иеленуде. Еліміздің спорт мәдениетінің бір бөлігі бола отырып, бұл сыйлықты алу Кинопоиск үшін үлкен мәртебе болар еді. Біздің онлайн-кинотеатрда футбол, хоккей, жекпе-жек, автожарыс, баскетбол және теннис әлеміндегі негізгі оқиғалардың тікелей көрсетілімдері ұсынылған. Алдағы уақытта да бұл бағытты дамытып, Қазақстандағы спорт жанкүйерлеріне арналған контент көлемін арттыра беруді жоспарлап отырмыз", – деді Яндекстегі спорт маркетингі бойынша жетекші менеджер Әлім Раздықов.

Еске салайық, лонг-листке 28 номинация бойынша 190 үміткер енген. Аралық нәтижелерге сәйкес, "Жыл спортшысы" аталымында Дастан Сатпаев, Асу Алмабаев және киберспортшы Данил Molodoy Голубенко көш бастап тұр. Әйелдер арасында Елена Рыбакина, Ангелина Лукас және Назым Қызайбай алда келеді.
Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі сәуір айында Алматы қаласында өтеді.
Үміткерлерге дауыс беруді Сыйлықтың ресми сайтында 10 наурызға дейін жүзеге асыруға болады.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты