Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-министр Илья Ильиннің қанына допинг қалай тап болғанын айтып берді

Илья Ильиннің ағзасына допинг спорттық тағамдар арқылы түсіп кетуі мүмкін. Бұл жайлы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

thumb_10153.1450065619

“Сіздерді көбінесе Илья Ильин қызықтырады. Бірақ, бізде допинг бойынша зардап шеккен спортшылар көп. Ол допинг болды деп айтпайды. 2008 жылы да көп спортшы зардап шеккен. Ол кезде қан тапсырып, біздің спортшылар таза болып шыққан. Лондонда да тапсырып таза болды. Бірақ, 2013 жылы тыйым салынған препараттарды анықтайтын жаңа методика пайда болды. Өкінішке қарай, допингтің қалай онда пайда болғанын білмеймін, әйтседе өзім ол тамақ арқылы сіңуі мүмкін деп ойлаймын. Ол уақыттарда лайықты анықтай алатын жаңа технологиялар болмады. Енді сол технологиялар шыққан кезде біздің де спортшылардың қанынан допинг шығып отыр”, – деді Мұсайбеков.

“Бұл біз үшін төбемізден жай түскендей жаңалық. Спортты сүйген жан үшін өте обал жағдай. Ол Пекин мен Лондонда қандай тарих жасады, Лондонда мен өзім жеңісіне куә болдым. Спортқа жауапты адам ретінде өте қиын”, – деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ, лауазымды тұлға Ильиннің неліктен жақында ғана тағайындалған минитсрліктегі жаңа қызметінен кеткеніне де түсініктеме берді. Ереже бойынша, допинг қабылдап, спорттық сайыстардан шеттетілген спортшының мемлекеттік маңызды қызмет саласында істеуіне тыйым салынған екен.

Еске сала кетсек, кеше 23 қараша күні қазақстандық ауыр атлет Ильия Ильиннің 2008 және 2012 жылғы олимпиада ойындарында алған алтын жүлдесін кері қайтарған еді. Кейіннен Илья Ильин енді кәсіби мансабын аяқтайтынын хабарлап, баспасөз жиынын өткізді. Қазақстандық ауыр атлет те допинг пайдаланды деп күдікке ілініп отыр.

Бұған дейін ХОК Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зулфия Чиншанлоның да олимпиадалық алтын жүлделерін тартып алған. Тиісінше, тағы бір қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешовтың да Лондон олимпиадасындағы көрсеткішінің күші жойылды.

Сондай-ақ, қазақстандық грек-рим күрес шебері Нұрбақыт Теңізбаев та араға 8 жыл салып, Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері “атанды”.

Оқи отырыңыз:

Головкин өзінен аумайтын қазақ жігітімен кездесті

Андре Уорд ұпай саны бойынша Сергей Ковалевтен басым түсті

Боксшы Жанқош Тұраров дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Самат Смақов жеке медициналық клиника ашты

Талқылау