Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Вьетнамдық компания Қазақстанда әуежайлардың бірін сатып алмақ

Фото: freepik.com

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ақорда кулуарында вьетнамдық компания Қазақстан әуежайларының бірін сатып алуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Вьетнамдық Sovico Group компаниясы әуежайды сатып алу немесе оны басқаруға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Компания өте үлкен, қарқынды дамып келеді әрі халықаралық әуе компанияларымен өте жақсы келісімшарттары бар... Boeing компаниясымен үлкен келісімшарты бар және менің түсінуімше, ол борттардың бір бөлігін Қазақстанда да дамытпақ", – деді Жұманғарин.

2024 жылдың мамыр айында вьетнамдық Sovico Group компаниясы Qazaq Air әуе компаниясын сатып алатыны белгілі болған еді.

Сол кезде тікелей инвестицияның жалпы көлемі 1 миллиард доллардан асуға тиіс екені, бұдан бөлек, жаңа иеленуші әуекомпанияның қор алдындағы қарызын толығымен өтейтіні айтылған. Желтоқсан айының соңында Qazaq Air мәмілесі жабылып, тараптар келіскен барлық алдын ала шарттар орындалғаннан кейін акциялар инвесторлардың меншігіне өтетіні хабарланды.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 06 Мамыр, 2025 11:57
Талқылау