Ветеринар маман мысықтардың адамды емдей алатын қабілеті туралы айтты
Жоғары санатты ветеринар дәрігер Михаил Шеляков мысықтардың адамдарды емдеу қабілетіне түсініктеме беріп, оның адам писхологиясына көмегі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шеляков мысықтардың дене температурасы адамдарға қарағанда әлдеқайда жоғары болатынын және олардың неліктен адамның ауырған жеріне жатып, жылытқанды ұнататынын түсіндірді.
Ветеринардың айтуынша мұның ғылыми негіздемесі бар. Адам ағзасындағы белгілі бір аурудан қабынған аймақтың температурасы дененің қалған бөлігінен жоғары болып тұрады. Ал мысықтар жылынуды жақсы көреді, сондықтан қызуы бар аймаққа жатады.
Сондай-ақ сарапшының пікірінше мысықтар иелерінің психикалық жағдайын қалыпқа келтіруге көмектеседі.
"Мысықпен өмір сүрудің өзі стресске қарсы үлкен компонент. Әсіресе жақындарынан айырылған немесе зейнет жасындағы жалғызбасты адамдар үшін жануарлар ең күшті психотерапевт ретінде әрекет етеді", – деп қорытындылады Шеляков.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді