Van Cleef алқасы, DE BEERS сырғасы бар: Тәркіленген зергерлік бұйымдар үлкен жеңілдікпен қайта аукционға шығарылмақ
Фото: e-qazyna.kz
Қазақстанда тәркіленген эксклюзив зергерлік бұйымдар сатылады. Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, аукционға барлығы 56 бұйым шығарылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауда-саттық 24 шілде 12.00-де басталады.
"Қатысу үшін E-Qazyna платформасына тіркеліп, кепілдік жарна құйып, белгіленген мерзімде өтінім беру керек. Сауда-саттық онлайн-режимде өтеді, бұл әлемнің кез келген нүктесінен қатысуға мүмкіндік береді", – делінген компания хабарламасында.
Лоттар арасында бастапқыда 55 миллион теңгеге бағаланған Van Cleef & Arpels алқасы бар. Алайда бұл жолы оны 38,5 миллион теңгеге сатып алуға болады. Әшекей ақ алтыннан жасалған және жалпы салмағы 16,92 карат гауһар тастармен көмкерілген.
DE BEERS сырғасының бағасы да 158 миллионнан 110 миллион теңгеге арзандатылған. Сырғалар ақ алтыннан жасалған және жалпы салмағы 6,06 карат болатын гауһар тастармен безендірілген.
Сондай-ақ 214 миллион теңгеге бағаланған Ulysse Nardin Classic 789-80 сағаты да әлі сатылмаған. Бұл лот бойынша аукцион 31 шілдеде өтеді, бастапқы бағасы – 150 млн теңге.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
