Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Валентин күні туралы сіз білмейтін 14 тарихи факт (фото)

Валентин немесе ғашықтар күні қоғамда әлі күнге дейін атап өтіліп жүр. Біздің елде ғашықтар күнін «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» деп 15 сәуірде атағанды жөн көргенімен, Валентин күнінің де артта қалатын ойы жоқ. Ал осы аталып жүрген Әулие Валентин туралы сіздер естімеген тарихи деректер көп.

Рим императоры Клавдий II сарбаздарына соғыс кезінде некеге тұруға рұқсат бермеген. Өйткені ол махаббат пен некенің ешқайндай байланысы жоқ деп санады. Аңызға сәйкес,сол Әулие Валентин Клауди II императордың кезінде өлтірілген.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Валентин туралы бірнеше деректер бар. Біреулері, ол соғыс кезінде ғашықтардың некесін жасырын түрде қиған дейді. Екінші деректерге сүйенсек, ол сол кезде қуғын-сүргінге ұшырап, қамауда отырған христиандарды түрмеден азат етемін деп жазаланған. Ол түрме басшысының қызына ғашық болып, «сенің Валентинің» деп өзінің алғашқы хатын жазған. Не болса да, сол уақытта Валентин жазаланды. Ал Папа Юлий ІІ-інші ол 14-ші ақпан қаза болғандықтан, оны сол күнгі қасиетті адамдардың қатарына қосқан.

Ал, қызыл раушандар римдік махаббат құдайы Венараның сүйікті гүлі болған. Жалпы алғанда, әрбір гүлдің өзіндік мәні бар. Сондықтан да сүйіктіңізге гүл сыйлағанда абай болыңыз. Мәселен, сары лалагүл жек көрініштің белгісі.

Тағы бір деректерде, Англия патшасы Генрих VІІІ-тің алты әйелінің бәрі қайғылы жағдайда мерт болған. Екі әйелін өлтіруге өзі бұйрық берсе, біреуі босану кезінде қайтыс болған. Дәл осы патша 1537 жылы 14 ақпанды ғашықтар күні деп белгілеген.

Орта ғасырларда ғана Валентин күнін махаббатпен байланыстырыла бастады. Ақпан айында Франция мен Англияда құстардың некеге тұру кезеңі басталатындықтан, осы уақытты ғашықтар күні деп қабылдайды.

Көптеген тарихшылар 14 ақпанды Әулие Валентинге емес, Фавна құдайдың құдіретінің құрметіне арналған дейді. Луперкалияның ежелгі пұтқа табынатын орнына таңдалған күн деп есептейді. Сондай-ақ, бұл күн қаланың негізін салушылар Ромул мен Реманың құрметіне атап өтіледі. Мерекелік іс-шара кезінде ешкі мен иттерді құрбандыққа шалады. Ерлер шешініп жануардың терісімен қала тұрғындарын, әсіресе әйелдерді үркітеді. Олар оны бата деп есептейді. Содан кейін әйелдердің аты-жөні жазылған түбіртектер арнайы ыдысқа салынып отырған. Ерлер осы себеппен өзінің жұбын тауып, соңынан үйленетіп те жатқан.

Шын мәнінде, III ғасырда Валентин есімді бірнеше азаптаушы өмір сүрген.

Римнің Санта-Мария-ин-Космедин шіркеуінен Валентиннің бас сүйегін тамашалауға келетіндер көп. Ал оның басқа мүшелерінің сүйектері Чехия, Ирландия, Шотландия, Ұлыбритания және  Франция шіркеулерінде орналасқан.

 

Сондай-ақ, Англияда Виктория патшайымның тұсында валентин хаттарын жазу жамандықтың белгісі деп есептелген.

Әлемдегі ең ұзақ сақталған ғашықтық поэманы 1415 жылы Орлеан герцогы Карл әйеліне арнап жазған. Өкінішке орай, жұбайы ол жазған поэманы оқымастан көз жұмған.

Тағы бір деректерде, дәрігерлер 19 ғасырдың ортасында халықты тәтті шоколад шеуге шақырды. Олар ғашығын сағынған адамдарға шоколад жеуді ұсынған. Ортағасырларда халықтың көпшілігі сауатсыз болды. Олар куәгер ретінде қол үшін «Х» белгісін қойып, өзінің шешімінің шынайы екенін білдіру мақсатында сол жазуды сүйген. Осындай құжаттардың арасында неке куәлігі де болды.

Жіберіп алмаңыз:

Көшедегі қайыршының қалтасынан бума-бума ақша шықты

Қыздық пердесі бұзылмаған 29 жастағы бойжеткен жүкті болды

Табиғаттың керемет сыйы: сиыр бұзаумен бірге тасбақа туды

Оқушы ақша толы әмиян тауып алып, иесіне қайтарып берді

Талқылау