Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адай" күйін орындаған қалыңдық желі қолданушыларын сүйсіндірді (Видео)

Астаналық жас жұбайлардың тойдағы әрекеті желіге тарап, ел талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнерлі жас жұбайлар Дәулет Жарасқанов пен Даяна Тұрман той сценарийін өздері жазған. 

“Өміріміздегі ерекше күнді есте қалатындай етіп тойлағымыз келді. Бірақ халыққа кең таралып кетеді деп ойламадық. Көрген жұрт тілек жаудырып жатыр. Көп рақмет. Менің негізгі мамандығым – DJ. Даянаның мамандығы – қобызшы. Екеуміз де өнер саласынан болғандықтан, идеяны сәтті жүзеге асырдық. Әйелім “Қорқыт” саз-ансамбілінің қобызшысы. Той ортасында Құрманғазының “Адай” күйін заманауи аспаптармен орындап бердік. Достарым домбыра, синтезатормен сүймелдегесін тіпті әсерлі шықты”, – дейді күйеу жігіт.

Достарының сөзіне сүйенсек, Дәулеттің өнер саласында жүргеніне біраз болған. Дубайдағы EXPO көрмесінде ел атынан шығып, өнер көрсеткен.

Желі қолданушылары жас шаңырақ иелеріне бақыт тілеп жатыр. Олар “Кейінгі жастар осылардан үлгі алып, ұлттық дәстүрді дәріптеп, тойларын қазақы нақышта өткізу керек” деген пікірде. Бір оқырман “1989 жылы тамыз айында үйленген тойымызда келіншегім ямахада ойнап, мен ән айтқанмын. Тура осы көрініс біздің тойда да болып еді. Ол заманда видеоаппарат болмағасын санадағы естелік болып қалды” деп өткен шақты еске алды. 

Талқылау