Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек қалыңдық аман қалған: Пәкістанда қалыңдық пен қонақтарды тасымалдаған той автобусы өзенге құлап, 22 адам қаза тапты

Пәкістандағы үйлену тойы қайғылы аяқталды. Қонақтар мінген автобус өзенге құлап, 22 адам қайтыс болды. Тағы екі жолаушы із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dawn.com телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: dawn.com

Жергілікті полицей Шер Ханның сөзінше, сейсенбі күні Гилгит-Балтистанның Диамер ауданында жолаушылар мінген автобус өзенге құлаған. 

"Өзеннен он алты мәйіт шығарылды, қалғандарын іздеу жалғасып жатыр. Көлік Пенджабтағы Чаквал ауданына бара жатқан. Ол жерде де үйлену тойының бір бөлігі болуы керек еді", – деді полицей Шер Хан.

Ол келін болған әйелдің жарақат алғанын, қазір ауруханада емделіп жатқанын айтты. Сонымен қатар полицей автобустағы жолаушылардың жеке тұлғалары анықталғанын айтты.

Мәліметтерге сенсек, қалыңдықтың күйеуі автобус ішінде болғаны туралы ақпарат жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші бұрылыста көлікті басқара алмай, көпірден өзенге құлаған. Пәкістан президенті қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, құтқару операциясын тездетуге шақырды.



Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында былтыр 22 тамызда 11 адам суға батып кеткені туралы жаздық. Олар – негізінен бір отбасының мүшелері. Отбасы тойдан кейін өзен жағасында демалуды ұйғарған, бірақ шомылуға арналмаған жерге барған. Шомылу кезінде бір адам суға батып кетіп, қалғандары оны құтқаруға тырысқан кезде, бәрі де суға батып кеткен. Оның ішінде 5 бала мен 6 ересек адам болған. Құтқарушылар мен еріктілер іздегенде 8 адамның денесі табылды.

Талқылау