"Үйге айына бір рет келеді": Әйелі Қайрат Нұртас туралы айтты
Әйелі Қайрат Нұртас туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.
Он жыл бойы тасада отырған Жұлдыз Әбдікәрімова жұлдызды жарының отбасына жиі бас сұқпайтынын айтты. Қарат Нұртас үйге айына бір рет келеді деп жиі айтатын да сыңайлы. Өткені ол еш жасқанбастан, шындықты жайып салған. Мүмкін өнер иесінің келіншегі балаларын жалғыз тәрбиелеп жатқанын айтқысы келген болар.
"Дүниеге үшінші үл келген кезде Қайрекең қасымда көп болмайтын. Баяғыдан айтамын, айына бір рет қана келеді деп", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Өнер иесінің келіншегінің бұл сөзіне таңданған жұрттың бірі Әбдікәрімова ханымды мақтап жатса енді бірі оған жаман сөздерін жарыса жазған. Осылайша, күйеуінің бар сырын ашып берген Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың сынына қалды.
"Жұлдыз, адам емессің ғой. Сөздеріңнің түк мағынасы жоқ", "Жұлдыз, өзіңше бола бермеші", "Жұлдыз өте ақылды келіншек. Жарайсың!" - деп пікір қалдырды жұрт.