"Үйден кетіп қалдым": Дана Есеева енесімен түсінісе алмағанын айтты
Белгілі кәсіпкер және актриса Дана Есеева енесімен түсінісе алмағанын айтты. Сол себептен ол біраз уақытқа үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Мейіржан әруақытта менің жағымда болатын. Бірақ бірде ол да маған қарсы шықты. Барлығы маған қарсы болды. Сонда "Егер бұл жерде маған бәрі қарсы болса, онда мен не істеп жүрмін" деген ой келді. Бәрінен демалу керек болды. Сол кезде менің кетіп қалғаным да дұрыс болған шығар. Өйткені бұл менің және оның анасының арасындағы проблема еді. Ол жерде оның ешқандай қатысы жоқ», – дейді Дана Есеева «Оңай емес» бағдарламасында.
Дана күйеуінің анасы мен әйелінің арасындағы кикілжіңге араласпаған оның ерлігі деп санайтынын жеткізді.
«Ол біздің арамызға еш түспеді. Ол менімен де, ата-анасымен де ұрсыспады. Ол әрине әке-шешесіне қолдау көрсетті. Дегенмен де өз балаларымен тұруы да керек қой. Осыдан кейін біз онымен сөйлестік. Ол да ата-анасымен әңгімелесті. Біз соншалықты қатты ұрсыспадық. Мен кез келген уақытта келе алар едім. Бірақ бұл ұзаққа созылып кетті. Кейіннен барлығымыз қайта араласа бастадық», – дейді Дана.
Тағы оқыңыз
- Мәдениет министрлігі: Вайнер Мейіржан Төребаев көпшіліктің назарын аударту үшін хайп жасап жүрген адам
- "Қазақтар "қорапта" өмір сүреді": Эфирде шашын тақырлап алып тастаған ару "белден төмен" әңгімелерді неге көтереді?