Үй қызметшісі болып жұмыс істеген бойжеткен құпия миллионер болып шыққан

Фото: freepik.com
Гонконгта индонезиялық 20 жастағы үй қызметшісінің шын мәнінде жасырын миллионер екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mothership басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жас қыз бірнеше жыл бұрын гонконгтық әйелдің отбасына жұмысқа орналасқан. Біраз уақыт бұрын ол келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуды өтініп, туған еліне оралып, тұрмысқа шығатынын айтқан. Үй иелері қыз үшін алаңдап, оны некелік алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін деп күдіктенген. Алайда ол сүйген адамына бұрыннан сөйлесіп жүргенін және оның қаржылай қолдау көрсетіп келгенін түсіндірген.
Көп ұзамай қожайындарын одан да үлкен тосынсый күтті: қыздың Индонезияда бай отбасынан шыққаны және өзіне тиесілі ферма мен кофе және бұршақ плантациялары бар екені белгілі болды.
Жас әйел кейін өз құпиясын ашып: "Мен қарапайым өмірдің не екенін сезіну үшін үй қызметшісі болып жұмыс істегім келді", – деп мойындаған.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық