Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Утиль алымнан босатқан: Қарағанды облысында мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы мен орынбасары ұсталды

Қарағанды облысында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) бұрынғы басшысы мен орынбасары жүк автокөлік құралдарын заңсыз тіркеп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Фото видеодан алынды

Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталған тұлғалар жүк көліктерін тіркеу кезінде VIN-кодтары бойынша жалған мәліметтер енгізіп, әлекімдерді бастапқы тіркеу алымынан және утилизациялық төлемнен босатқан.


Шымкенттегі ХҚКО қызметкері тұрғындарды 200 миллионға жуық теңгеге алдап кеткен


"2021 жылы интеграцияланған ақпараттық жүйе мемлекеттік органдардың дерекқорларымен толық байланыспағандықтан, жалған деректерді енгізу мүмкіндігі болған. Алайда кейін жаңа ақпараттық жүйе енгізіліп, деректерді қолмен енгізу мүмкіндігі жойылды, нәтижесінде осындай заңсыз әрекеттердің жолы кесілді”, – делінген хабарламада.

Нәтижесінде мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) бұрынғы басшысы мен орынбасары ұсталды.

Еске салсақ, осыған дейін Қарағанды облысында бір топ Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері 30-дан астам жүк көлігін бастапқы тіркеуден заңсыз өткізгенін жазған едік.

Талқылау