Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үстімде 4 млн теңгенің киімі тұр": Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі қымбат киінетінін айтып мақтанды

Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова үстінде 4 млн теңгенің киімі тұрғанын айтып мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Balentino арнасына сілтеме жасап. 

Мөлдір

Сурет: instagram.com/moldir.mt/?hl=ru

Микрофон ұстаған жүргізушіні көрген Мөлдір Мұқанова басында тосылып қалады. 

«Айтпаса болмай ма? Айту керек пе? Мен осы киімнің бәрін Luxury-ден алдым. Көйлек 1 млн 700 мың теңге, ал сөмке 1 600 мың теңге тұрады», - дейді ол.

Әрі қарай әзілкештің әйелі көйлегінің брендін еске түсіре алмай көмекшісіне жүгінді. Артынша көйлегінің Александр Маккуин, ал туфлиінің Валентиноға тиесілі екені белгілі болды. 

«Шамамен үстімде 4 млн тұр. Бүгін сырғамды ұмытып кетіппін. Жаңа бір жарнамаға түсіп, қазақша сырға таққан едім. Түсіп-түсіп ұмытып кетіппін. Сол жерде шешіп, қалып қойды», - дейді Тұрсынбектің келіншегі. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Тұрсынбек Қабатовтың қызының қызыл аттестатын көрсетіп мақтанғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау