Әкемнің басына қап кигізіп қойды: Мұратхан Тоқмадидің қызы тұтқындау сәтін айтып берді
Арнайы операция барысында ұсталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің қызы Зере Шәкерхан әкесінің ұсталғанына қатысты ойын білдірді.
Қыздың жазуынша, үйіне басып кіргендер әкесінің қолын байлап, басына қап кигізіп, пәтерді тінте бастаған.
“Таңғы 7:30-да әкемнің үйі мен “ҚазШыныҚұрылыс” зауытына және Астана зауытына ҰҚК жауынгерлері басып кірген. Әкем мен оның әйелі, сіңлім үшеуі ұйықтап жатқан кезде арнайы қызмет пәтеріне басып кіріп, әкемнің қолын байлап, басына қап кигізген!!! Содан кейін кешкі 19:30-ға дейін пәтерді тінтіпті! Сонымен бірге анамның пәтерін тінтіп, телефонын, компьютерлерін, т. б. заттарын тартып алған. Жаңа туған сәбиімен үйде отырған әпкеме де барған!!! Зауытта қызметкерлерге құдды бір террористер сияқты жерге жатуға бұйрық берген! Тіпті әйелдерді де жерге жатқызған!!! Олар ешқандай негізсіз дәйектерге сүйеніп отыр! Тіпті күлкің келеді!!”, — деп жазады қыз.
Оның айтуынша, Тоқмәди “адал бизнесмен, спортшы, үлгілі жар, керемет ата және әлемдегі ең жақсы әке!!!”. “Ол өте парасатты жан, намаз оқиды, Қажылыққа барып келген, көптеген адамдарға көмектесті, қазір де қол ұшын созып жүр! Әділдік жеңіп шықсыншы! Біреудің пайдасы үшін жасалған ғой…!!!! Репост жасаңыздаршы!”, — деп жазады Instagram желісінде бизнесменнің қызы.
Қазақстанның арнайы қызметтері дүйсенбі, 12 маусымда, Алматыдағы арнайы операция барысында Қазақстандағы ірі зауыт “ҚазШыныҚұрылыс” директоры Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. Танымал бизнесмен ұзақ уақыт бойы “Депутатский корпус” беделді қылмыстық тобын басқарып келген.
Тағы да оқыңыз:
Түркістандық полицей Евгений: Балаларымды қазақша тәрбиелегім келеді
ЭКСПО-да “Аттан, қазақ!” деп ұрандатқан Амантай қажымен шетелдіктер суретке түсіп жүр
Тек нан жеп, су ішем: ОҚО-да оқушы қыз өгей анасының ұратынын айтты