Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Усман Дембеле — 2025 жылғы "Алтын доп" иегеріне басты үміткер

Алтын допқа үміткерФото: Getty Images

Франция құрамасы мен ПСЖ клубының жартылай қорғаушысы Усман Дембеле 2025 жылғы "Алтын доп" жүлдесіне басты үміткер ретінде танылып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

L’Équipe басылымы жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, француз жанкүйерлерінің 44 пайызы Дембелені жылдың үздік ойыншысы деп санайды. Ол бұл көрсеткіш бойынша Ламин Ямаль мен Килиан Мбаппені (екеуі де 21%) басып озды.

Дембеленің мұндай жоғары бағаға лайық екені оның биылғы маусымдағы әсерлі статистикасынан байқалады. Ол 2024/25 жылғы маусымда 33 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Осылайша, ПСЖ тарихындағы алғашқы "треблге" (Чемпиондар лигасы, Франция чемпионаты, Франция кубогы) жетуде шешуші рөл атқарды.

Чемпиондар лигасының финалында "Интер" командасына қарсы матчта (5:0) Дембеле екі голдық пас беріп, ойындағы үздік ойыншылардың бірі атанды.

Бұған дейін Усман Дембеле "Алтын допқа" басты үміткер ретінде қарастырылмаған еді. Алайда биылғы тұрақты ойыны, көшбасшылық қасиеті мен нәтижелілігі оның осы жүлдеге нақты үміткер болуына себеп болды.

Айта кетейік, "Алтын доптың" ресми марапаттау рәсімі 2025 жылдың 22 қыркүйегінде Париж қаласында өтеді. Егер Дембеле осы деңгейде өнер көрсетуді жалғастырса, ол Зинедин Зиданнан кейін "Алтын допты" алған алғашқы француз футболшысы атануы мүмкін.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 22:18
Талқылау