Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды: 2008 жылғы дағдарысты болжаған экономист ашық мәлімдеме жасады
2008 жылғы дағдарысты болжаған америкалық экономист Нуриэль Рубини Spiegel басылымына берген сұхбатында үшінші дүниежүзілік соғыс шынымен басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның пікірінше, жаһандық қақтығыс әрекеттері киберкеңістікте және Украинада өршіп жатыр. Ол Ұлттық қауіпсіздік кеңестері НАТО-ның Украинадағы қақтығысқа араласуына алаңдаушылық білдіретінін айтып, Иран мен Израиль арасында өткір келіспеушіліктер байқалып жатқанына және АҚШ президенті Байден әкімшілігі Қытайдың жақын арада Тайваньға шабуыл жасауын күтіп отырғанына назар аударды.
Рубини экономика туралы айта отырып, еуроаймақ қазірдің өзінде "құлдырауда", ал Ұлыбританиядағы жағдай "одан да нашар" екенін атап өтті. Ол сондай-ақ АҚШ Еуропаға Қытаймен экономикалық өзара іс-қимыл мәселесінде қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Экономист 1970-ші жылдардағы балалық шағында "ұлы державалар арасындағы соғыс немесе ядролық қыс туралы уайымдаудың" қажеті болмағанын еске алды.