"Үшінші әлем чемпионатында да топ жаруды көздеймін": Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін әсерін бөлісті
Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан екінші рет әлем чемпионы атанғаннан кейінгі әсері және алдағы жоспары туралы арнайы Stan.kz ақпарат агенттігіне айтып берді.

“Шыны керек, Испаниядағы әлем чемпионатындағы қарсыластарды осал деп айта алмаймын. Бәрі мықты, әлем және Еуропа чемпионатының жеңімпаздарымен күрестім. Аллаға шүкір, бапкерлерімнің қойған тактикасы мен өзіміздің жеңіске деген жігеріміздің арқасында еліміздің туын желбірету бұйырды.
Дегенмен екі дүркін әлем чемпионы деген атақ-даңқ өмірімізге, жаттығуымызға ешқандай әсер етпейді деп ойлаймын. Босаңсуға уақыт жоқ. Алда 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты бар. Сол дүрмекте де, топ жарып, еліміңздің мерейін үстем, абыройын асқақ етсем деймін” – деді Ризабек.
Айта кетейік, 97 келіде белдескен балуанымыз қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, өзінің мықтылығын мойындатты. Финалда әзірбейжандық Касрановты 10:0 есебімен ұтып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Қазақстанның вице-президенті кім болуы мүмкін және оның өкілеттігіне не кіреді: Саясаттанушылар жауабы

