Үш жыл ішінде 3000-нан аса дәрігердің Қазақстаннан көшу себебі не?
Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев 2017-2019 жылдар аралығында Қазақстаннан 3499 медицина қызметкері көшіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кадрлардың тұрақтамауының негізгі себептерінің бірі - сыртқы көші-қон. Яғни, медициналық кадрлардың кетуі. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында медицина кадрларының шетел асуы көптеп байқалады. Бұл үш өңір дәрігерлердің елден кетуі бойынша көш бастап тұр", - деді Төсекбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, 2017 жылы 1062 дәрігер елден кетсе, 2018 жылы - 1225, ал 2019 жылы - 1212 маман көшкен.
"Кадрлардың кету себебі - бұл құлшыныс беретін белсенді механизмдердің болмауы, психоэмоционалдық қысым, кәсіби өсу үшін мүмкіндіктердің болмауы, қорғаныстың төмен деңгейі, әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіздігі", - деп атап өтті денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді