Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш рет ажырасқан Бритни Спирс өз-өзіне тұрмысқа шыққанын мәлімдеді

Америкалық әнші Бритни Спирс үшінші некесі сәтсіз аяқталған соң өзіне-өзі тұрмысқа шыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

42 жастағы өнер жұлдызы ақ фата мен атлас іш көйлек киіп алып, әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. 

“Өзіме тұрмысқа шыққан күн… Бұл ерсі әрі ақымақтық болып көрінуі мүмкін. Бірақ меніңше, бұл менің өмірімдегі ең дұрыс шешім болды”, – деп жазды әнші. 

Өнер жұлдызының желідегі жазбаларында пікір қалдыруға тыйым салынған. Сол себепті желі қолданушыларының әншінің бұл шешімін қалай қабылдағаны белгісіз. 

Айта кетейік, Бритни Спирстің әкесі Джейми Лос-Анджелес сотына берілген құжаттарға сілтеме жасап, қызына қамқорлық жасаудан бас тартуға шешім қабылдаған еді. 

 

Талқылау