Ұрық доноры болған ер адамның қызы 40 бауырын тапты
Орандо тұрғыны Кианни Арройо 5 жыл ішінде бауырларын мен сіңлілерін іздеп тапты.
21 жастағы қыз 5 жыл іздеп қырықтан астам бауырын тапқан. Олар АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елінен табылған. Ең кенже бауырына жақында 5 ай толыпты.
«Әкемді ылғи іздегім келетін. Бір туған бауырларым бар ма деп қызықтым. Ақыры есейген соң әкем туралы ақпарат іздей бастадым», – дейді Кианни Арройо.
Ең бірінші тапқын сіңлісі өзінен бір жас қана кіші болған. Екеуі талай жыл бір көшеде тұрып келген. Бойжеткен енді өзге бауырларының бәрімен кездесуді армандайды. Ол туыстарының көп болғанына қуанышты екенін айтады.
Тағы да оқыңыз:
Еліктің аналығы баласын құтқару үшін қолтырауынның құрығына әдейі өзі түсті (видео)
Талқылау