Уоррен Баффеттің холдингі Apple компаниясының акциясын тағы да сатты
Америкалық Berkshire Hathaway компаниясы үшінші тоқсан қатарынан Apple-дегі өз үлесін қысқартып жатыр. Қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша компанияның Apple-дағы акциялары шамамен 69,9 миллиард доллар болды. Ал өткен тоқсанның соңындағы көрсеткіш 84,2 миллиард доллар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IXBT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: appleinsider.ru
Уоррен Баффеттің компаниясы 2024 жылға дейін Apple және басқа да компаниялардағы үлесін тұрақты түрде қысқартып келді. Berkshire Hathaway 2024 жылдың бірінші тоқсанында Apple акцияларының 13 пайызын және 2024 жылдың екінші тоқсанында шамамен 50 пайызын сатқан. Жаңа сатылымнан кейін компания қазір шамамен 300 миллион Apple акциясына иелік етеді. 2023 жылдың соңында Hathaway шамамен 905 миллион Apple акциясына ие болды. Демек оның үлесі қазір осы соманың үштен бір бөлігінен тұрады.
Berkshire Hathaway рекордтық жоғары ақша қорын құрып жатыр. Екінші тоқсанның соңында олардың ақша қоры шамамен 277 миллиард доллар болды. Қазір ол шамамен 325 миллиард доллар.
Бұған дейін Уоррен Баффет "капитал бөлуді шынымен өзгертетін бірдеңе болмаса", Apple ең үлкен активі болып қала беретінін мәлімдеген.
Сондай-ақ ол бірінші тоқсанның басында Apple акцияларын қысқарту туралы шешім негізінен салық салу мақсатында қабылданғанын айтты. Бірақ жалғасып жатқан сатылымдар басқаша болжам жасап отыр.
Apple акциялары қазір ең жоғары деңгейге жетті.