Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Университет кампустары, сауда орталықтары мен ЛРТ желісі": Алматы облысындағы Каскелеңнің бас жоспары өзгеретін болды

Фото: instagram.com/maketalmaty.kz

Алматы облысында Каскелең мен Есік қалаларының инфрақұрылымы өзгеретін болды. Жоспарға сай мұнда жаңа университет кампустары көшіріліп, сауда орталықтары, әлеуметтік нысандар мен ЛРТ желісі салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Курсив” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы облысының әкімдігі Каскелен қаласының жалпы жоспарына түзетулер енгізіп жатыр. Жоспарға сәйкес қалада СДУ университетінің аумағы кеңейтіліп, Энергетика университеті кампусымен бірге Каскелеңге көшіріледі.

“Сауда-ойын-сауық орталықтары, қонақүйлер, перинаталдық орталықтар, медициналық мекемелер, мектептер мен балабақшалар салу көзделген. Жеңіл рельсті транзит (ЛРТ) желісі қаланың ішінде жүргізіледі, Абая проспекті мен Төле би көшесі шығыс шекараға дейін жалғасады”, – делінген хабарламада. 

Қаланың жалпы жоспарына түзету "Проектная фирма "ГРАДО" компаниясы жүзеге асырады. Құрылтайшылары – Аркинжан Маметов, Ришад Ибрагимов, Анна Болховитина, Антон және Семен Крихтовтар. Жоспар бойынша 2050 жылға қарай Каскелең тұрғындарының саны 130 мыңға жетуі тиіс. Бұл жаңа аумақтарды қосу арқылы жүзеге асады. Қала аумағы 5,2 мың гектардан 9,3 мың гектарға кеңейтілмек. 



Каскелен Алматы агломерациясының құрамында дамиды. Жаңа аудандар жасылдандырылады, абаттандырылады және жағалаулар да қамтылады. Әкімдік сонымен қатар жол желісі мен көлік инфрақұрылымын да нормативтік талаптарға сәйкес дамытпақ.

Есік қаласында да ірі өзгерістер жоспарланған. Алтын Адам көшесі, 167 мекенжайында тұрғын үй кешені салынады. Жоба тұрғындардың тұрмысын жақсартып, қаланың сәулеттік келбетін жаңартады. Сонымен бірге сауда нысандары, білім беру мекемелері салынып, жол желісі дамиды.

STAN.KZ
Жексенбі, 22 Ақпан, 2026 16:51