Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Универсиада-2025. Жарыс жолына отандық спортшылардан кімдер шығады?

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXll қысқы Универсиада ойындарында 15-қаңтар күні Қазақстан спортшылары төрт сайыс бойынша бақтарын сынайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/torino2025_fisugames

Параолимпиадалық шаңғы жарысы – 10 км еркін стилде (ерлер). Бұл сайыста Денис Зинов пен Роман Құрбанов өнер көрсетеді.

Шаңғы жарысы – 10 км еркін стилде жекелей сын. Ерлер: Святосслав Матассов, Әмірғали Мұратбеков, Ілияс Исабеков, Сұлтан Базарбеков, Нартай Тұрлыбекұлы, Ернұр Бексұлтан. Қыздар: Анастасия Ротова, Лаура Қиныбаева, Мария Геращенко, Елизавета Толмачаева, Әсем Жұмағазиева, Алеся Бошкарева.

Шаңғы фристайлы – жұптық могул. Топтық кезең. Ерлер арасынан бұл бәсекеге Антон Бондарев, Федор Бугаков, Максим Емелянов, Семен Русаков қатысса, қыздар арасында Анастасия Городко мен аяулым Әмренова сынға түседі.

Тау шаңғысы – альпілік комбинация. жарыс жолына Александра Скороходова мен Ксения Бережная шығады.



Жарыс күнін түнгі сағат 00:00-де хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы аяқтайды. 3-тур аясында Канадаға қарсы өнер көрсетеді.

Отандық спортшыларымызға сәттілік тілейміз. Еске салсақ, бұған дейін ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені фристайлшы Анастасия Городко салған еді.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 15 Қаңтар, 2025 12:50