Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Универсиада-2025: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Фристайлшы Анастасия Городко 2025 жылғы Универсиадада Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальды әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Туринде (Италия) өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды. 

Қазақстандық спортшы финалда 79.79 ұпай жинап, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға Жапония спортшысы Харука Накао (76.29 ұпай) ие болды. Сондай-ақ германиялық Ханна Виис (75.04 ұпай) қола медальды қанағат тұтты. Тағы бір қазақстандық Аяулым Әмренова 70.52 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. 


32-дүниежүзілік қысқы Универсиада–2025 салтанатты ашылуы өтті


Айта кетейік, бұл – 2025 жылғы Универсиадада Қазақстан қоржынындағы алғашқы алтын медаль.

Еске салсақ, бұған дейін Анастасия Городко фристайл-могулдан жасөспірімдер арасында үш дүркін әлем чемпионы атанған еді. 

Талқылау