Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Unico Play онлайн-кинотеатры іске қосылмақ: Ол жаһандық тәжірибесі бар кадрларды өз командасына тартады

Жақында Қазақстанда Uni-Q Group үлкен медиа тобы ресми түрде іске қосылды. Жаңа жоба Unico Play онлайн-кинотеатрынан бастап, Unico Studio продюсерлік орталығы, қазақстандық контентті әлемдік нарыққа ілгерілететін Unico Rights компаниясынан тұрады. 

Фото Uni-Q баспасөз қызметінен

Uni-Q Group – сериалдар мен фильмдерді шығарып, тарататын компания ғана емес, өз елі мен бүкіл Орталық Азия аймағының медиа нарығын жаулап алуды мақсат еткен стратегиялық ойыншы. Медиа топ халықаралық аренаға шығуды да міндет еткен. Компания технологиялық сала мен IT-шешімдерді әзірлеуден басқа, қазақстандық сериалдар мен фильмдерді халықаралық деңгейде түсірмек.

Uni-Q Group-тың өршіл міндеттерін жүзеге асыру үшін Unico Studio продюсерлік орталығы портфолиода әсерлі тәжірибесі мен табысты жобалары бар әртүрлі елдердің сарапшылар тобын жинады. Командаға қосылушы мамандардың басты ерекшелігі Қазақстанға деген шынайы сүйіспеншілігі мен  қызығушылығында. Сондай-ақ сұранысқа ие, керемет контент жасауға деген ұмтылысында.

Жобаның негізгі майталмандары:

 Жүнісова Анара, бас орындаушы директор UNI-Q

Анара Жүнісова – дарынды продюсер және Қазақстанның креативті индустриясының көрнекті өкілі. Ол "Болашақ" бағдарламасы бойынша Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетін бітірген. Бұл оның мансаптық жолындағы маңызды қадам болды. Анара Salem Social Media-да контент саясаты мен таланттарды басқаруға жауапты болды. Ол Қазақстаннан өзге елдерде де танылған "Черный двор" және "Приговор" жобаларын жасаған. Анараның жоғары кәсібилігі мен ерекше көзқарасы қазақстандық кинематографияда сапа мен креативті жаңа бағыттағы фильмдер жасауға ықпал етті.

Фото Ирина Сосовая мен Анара Жүнісова

● Ирина Сосновая, UNICO STUDIO бас продюсері

Ирина Сосновая — тәжірибелі продюсер. Ол Алматы қаласында туып-өскен. New York Festivals TV and Film Awards-та марапатталған "Шторм" сериялының продюсері. Сондай-ақ ол Amazon Prime компаниясы Originals and Exclusives санатына сатып алған, британдық Channel 4 холдингі мен 13 елдегі платформаларға сатылған ТМД-ның алғашқы SVOD-сериясы "Содержанки" шоуын жасаған. Ирина START онлайн кинотеатрының сериялық мазмұн стратегиясына жауапты болып,  "үздік шоураннер" сыйлығымен марапатталды. Соңғы жылдары Еуропа мен Азиядағы халықаралық жобалармен жұмыс істеуде.

Фото: Бексұлтан Қазыбек

● Бексұлтан Қазыбек, UNICO STUDIO бас продюсері

Бексұлтан – JKS Entertainment-тің негізін қалаушы және TikTok-та YOLO House пен BIP House сияқты танымал медиа жобалардың продюсері. 2021 жылы YOLO House әлемдегі ең танымал TikTok үйге айналды. Ал BIP House Nickelodeon Kids' Choice Awards сыйлығын алды. Ол сондай-ақ халықаралық кинофестивальде AUDIENCE CHOICE Award KIDS сыйлығын алған "Королева двора" сериясы мен "Шырақ" мультфильмін жасауға белсенді қатысты. Сонымен қатар осы сынды түрлі сериалдар, фильмдер мен мультфильмдер жасауда өз үлесін қосып жүр. Одан бөлек, Biennale Cinema College-дің 10-шы, мерейтойы аясында фильм түсіруге грант ұтып алған “Горный лук” фильмінде де жұмыс істеді. Танымал "Рик и Морти" мультсериалын қазақ тіліне дубляждаған  "Гур Гур Апщение" студиясының продюсері болып, қазақ тілді аудитория үшін танымал туындыны қолжетімді етуге атсалысты.

Фото: Василий Куценко

Василий Куценко, UNICO STUDIO бас продюсері

Василий Қырғызстанның Талас қаласында туып-өскен. Бүгінде оның есімі аймақтан тыс жерлерде де танылған. Василий –табысты сценарист және продюсер. Ол Disney- мен бірлесіп жасалған “Последний Богатырь” франшизалық жобасын жасаған. Оның портфолиосында ТМД-дағы ең танымал жобалар – "Чебурашка", "Кухня", "Отель Элеон" и "Гранд!" бар.

Uni-Q Group жоспарлары мен әлеуеті

Uni-Q Group Қазақстан мен ТМД елдерінің әлемдік киноаренадағы позициясын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар киноиндустрияның халықаралық алпауыттарымен бәсекелесуге қабілетті бірегей индустрия құруға ұмтылады. Uni-Q Group командасы өңірдің әлеуетіне сенеді. Сонымен қатар Қазақстанның бай мәдениеті мен қазіргі заманының көрінісі болатын жоғары сапалы контент құруды жоспарлап отыр. Жоба 2025 жылдың басында іске қосылады.

Талқылау