"Үнемі менің жағымда болды": Некесіз туған қызымен кездескен Дархан Жолшыбеков әйеліне қатысты сұраққа жауап берді
Танымал блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен жолыққанда әйелінің қалай рұқсат бергенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/darhanzholshybekov/
Айта кетейік, блогер кішкентай қызға Астанадан үй мен салоннан су жаңа көлік сыйлаған еді.
“Барлығының басты сұрағы осы екен. “Дари қалай қабылдады?” деп менен сұрап жатқандар көп. Негізі ұзақ әңгіме. Бірақ қысқа-нұсқа айтып берейін. Қыз бала болғасын мұндай жағдайды қабылдау өте қиын. Бірақ Дари осы күнге дейін тек менің жағымда болды. Кітабымда жазамын ба, әлде роман жазу керек пе, ол жағын әлі ойланбадым. Бірақ бұрын да айтып жүрмін, қазір де қайталаймын, мені Дари секілді түсінетін адам жоқ?!”, – деді блогер.
Блогердің араға бірнеше жыл салып, алғаш рет некесіз қызымен жолыққанын көпшілік екіұшты пікірмен талқылап жатқан еді.
"Бұған дейін оған жазылмаған едім. Тек қызын қалай тастап кеткенін оқыдым. Бірақ қазір осы бейнені көргеннен кейін жазылдым. Жарайсың, нағыз жігіттер осылай істейді", "Ол көпшілікке өтірік ойнап отыр. Осы уақытқа дейін қабылдамай, енді бағдарламадан кейін көмектесе қалыпты", "Жігіттің артында "ақылды" әйел тұр. Әйелі ақылды болып тұр, әйтпесе мұны істей алмас еді. Көп әйел бергізбейді де. Сондықтан Дара келінге рахмет", "Бәсе, біздің жігіттер майдаланбаушы еді", "Жарайсың, ештен кеш жақсы", – деп оқырмандар жарыса жазды.
Еске салайық, жезқазғандық Айдана есімді ару блогер Дархан Жолшыбековтен қыз туғанын айтқан еді.