Үндістаннан Қазақстанға ең төменгі бағада әуе рейсі ашылады
2023 жылғы 15 тамызынан бастап Үндістанның "IndiGo" төмен бюджеттік әуе компаниясы Дели – Алматы бағыты бойынша А-320 және А-321 типті ұшағы аптасына 3 рейс жиілігімен Қазақстанға қатынайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үндістанның ең ірі арзан әуе тасымалдаушысы "IndiGo" 2006 жылғы тамызда
құрылған. Әуе компаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық 300-ге жуық А-
320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның
ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания,
Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал,
Португалия және т.б.).
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды