Үндістанда лаңкестер тобы туристерге оқ жаудырып, 27 адам қаза тапты

Үндістанда террористер жергілікті тұрғындар мен туристерге оқ жаудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
News18 India телеарнасының мәліметінше, шабуыл нәтижесінде 27 адам қаза тапқан.
"Лашкар-е-Тайба лаңкестік ұйымына байланысы бар бір топ лаңкес Кашмир аймағындағы Байсаран аңғарында туристер тобына шабуыл жасап, 27 адамды өлтірді", – делінген ақпаратта.
Дәрігерлердің мәліметінше, 12 адам жарақат алған, олардың жағдайы тұрақты. Зардап шеккендердің барлығы Үндістан азаматтары екені белгілі.
Куәгерлердің айтуынша, әскери киімдегі екі қаруланған адам атпен серуендеп жүрген туристерге оқ жаудырған. Шабуыл ормандары, таза көлдері арқылы танымал және көптеген туристер демалу үшін таңдайтын Байсаран аңғарында болған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі