Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда авиашоу кезінде халық бір-бірін таптап кетті: 5 адам қаза тауып, 200 адам зардап шекті

Үндістанда 6 қазан күні Ченнай қаласындағы жағажайда өткен авиашоу кезінде бес адам қайтыс болып, 200-ден астам адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Indian Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: arynews.tv

Жергілікті полицияның хабарлауынша, трагедия Үндістанның Әскери-әуе күштерінің 92 жылдығына арналған іс-шара кезінде жағажайда болды.

Шоу барысында шамамен 1,2 миллион адам жиналды. Бұл алаңның сыйымдылығынан айтарлықтай асып түсті. Бағдарламаның аяқталуына қарай халықтың тығыздығы артып, бес сағат бойы күннің астында сусыз тұрғандықтан, адамдар есінен танып құлаған. Осы күні ауа температурасы 36 градусқа дейін жеткен.

"200-ден астам адам қалада әртүрлі жерлерде сусыздану мен стресс белгілерімен көмек алды. Жағажайда бір өлім, Нейпир көпірінің маңында тағы екі өлім туралы хабарланды. Басқа құрбандар үйге бара жатқанда көз жұмды", - деді полиция қызметкері.


Еске салайық, бұған дейін Астанада 1000 дөнер тегін таратылатынын естіген халық жиналып бір-бірін таптай жаздағанын жаздық. Мекеме иесі жарнама үшін осынша адам жинап, көшелерде кептеліс жасағаны үшін айыппұл арқалады. Донерді тегін тарататынын естіген 4 мыңға жуық халық қаланың төрт көшесіндегі көлік қозғалысына кедергі жасаған. Желі кадрларынан адамдардың жиналған тобының бір-бірін таптап, кептеліп қалғаны байқалады. 

Талқылау