Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс: Шабуыл соққылары кезінде аспанда 57 коммерциялық ұшақ болған

Фото: pixabay.com

Үндістан мен Пәкістан бір-бірінің шекарасына соққы жасауды жалғастырып жатыр. Екі тарап Пәкістанға алғашқы зымыран соққысынан кейін бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандардың бар екені туралы хабарлады. Дели  алда жаңа шабуылдар жасалатынын мәлімдеді. Ал Исламабад оларға жауап беруге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Екі елдің шенеуніктерінің айтуынша, Кашмирдегі екі ел шекарасындағы қарқынды атыс кезінде 13 бейбіт тұрғын қаза тауып, Үндістан тарапынан 43 адам жарақат алып, Пәкістан тарапынан кем дегенде алты адам қаза тапты.

Синдур Операциясы

Үндістан сәрсенбі күні Пәкістанға зымыран соққысын жасады. Кейін Исламабад бұл соққыға кері жауап болатынына уәде берді. Олар бес үнді ұшағын атып түсіргендерін мәлімдеді.

Үндістанның мәліметінше, тоғыз "Террористік инфрақұрылым" нысандарына соққы жасалған. Бұл шабуыл кезінде өткен айда Кашмирде 25 үнділік турис пен бір жергілікті тұрғын қаза тапты.

Үндістанның соққысынан кейін Пәкістанның әскери өкілі елде шамамен 31 азаматы қаза тауып, 46-сы жарақат алғанын мәлімдеді. Ол Пәкістандағы шабуылға ұшыраған алты орынның ешқайсысы содырлар лагері емес екенін айтты.

Бұл соңғы екі онжылдықтағы ядролық қаруы бар көршілер арасындағы ең үлкен қақтығыс.

Үндістанның шабуылынан кейін Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф PTV мемлекеттік телеарнасында ұлтқа теледидарлық үндеу жасады.

"Үндістан кеше түнде жасаған қатесі үшін жауап береді. Бізді шегінеді деп ойлаған шығар. Бірақ бұл ержүректердің ұлты екенін ұмытып кеткен сияқты", — деді Шахбаз Шариф.



Үндістан шабуыл жасаған кезде аспанда 57 коммерциялық ұшақ болған

Пәкістан әскерилері Үндістанның соққыларына жауап ретінде Үндістан әуе күштерінің бес ұшағын, соның ішінде үш элиталық Француз Rafale ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді. Тарихта алғаш рет француз ұшағы шайқаста құлап отыр. Сонымен бірге Пәкістанның Қорғаныс министрі Хаваджа Мұхаммед Асиф Geo News-ке берген сұхбатында Исламабад бейбіт тұрғындарға емес, тек үнді әскери нысандарына соққы беретінін алға тартты.

Пәкістанның әскери өкілі Ахмед Шариф Чаудхаридің айтуынша, Үндістан шабуыл жасаған кезде Пәкістан аспанында 57 коммерциялық ұшақ болған. Бұл мыңдаған адамдардың өміріне қауіп төндірген. Олардың арасында Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ, Таиланд, Оңтүстік Корея және Қытай авиакомпанияларының ұшақтары бар болған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан мен Пәкістанды шиеленісті жоюға шақырып, қазіргі зорлық-зомбылықты азайтуға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

"Менің ұстанымым – екі елмен де араласамын. Екеуін де жақсы білемін және олардың қалай жұмыс істейтінін көргім келеді. Олардың қалай тоқтайтынын көргім келеді және қазір тоқтай алады деп үміттенемін", — деді Трамп.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 08 Мамыр, 2025 10:14
Талқылау