Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде ұлын өлтірген кінәліні табамын деп ақша алған алаяқ ұсталды

Ұлы қайтыс болғаннан кейін қайғыдан қасірет шеккен Қатонқарағай ауданының тұрғынын алаяқ алдап, ақшасын алып кеткен. Бұл туралы  №2 аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, yk-news.kz сайты хабарлады.

Өскеменде ұлын өлтірген кінәліні табамын деп ақша алған алаяқ ұсталды

Ұлының өліміне кінәлілер табылмаған. Алаяқ бар ашу-ызасын кімнен аларын білмей отырған әйелге өзін ұлының ескі досымын деп таныстырады. Және ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасымен келгенін айтады. Мұндай нәрсені күтпеген әйел бейтаныс адамның кінәлілерді табуға әсер ететініне сенеді.

Ол  тергеу жұмыстарының тез жүруі және кінәлілерді іздеу үшін 700 мың теңге төлеу керектігін айтқан. Ұлының өліміне кінәлілерді табуды ғана ойлаған ол барлық жинаған 260 мың теңгесін алаяқтың қолына ұстатқан.
Тергеу нәтижесінде, алдаған адам ұсталып, ақша қайтарылды. Қатонқарағай ауданы сотының баспасөз қызметінің айтуынша, сотталушы барлық кінәсін мойындаған.

Тағы оқыңыз:

Қазақстан халқының саны 19 млн-ға қашан жетеді

 

Талқылау