Ұлын арқалап тұрып ас әзірлеген Динара Сұлтан жұртты сүйсінтті (видео)
Көпбалалы аналардың бірі – әнші Динара Сұлтан. Қазақтың сұлу қызы ән салып қана қоймай, өмірдегі ең бірінші парызын 4 рет орындаған. Яғни, төрт баланы дүниеге әкелген.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Үш қыздан кейін дүниеге ұл әкелген әнші күні кеше елді қызықтыра түскен видео жариялады. Онда Динара ұлын арқалап тұрып, кешкі ас әзірлеген.
«Осылай өмір сүріп жатырмыз», – деп жазды әнші жариялаған видеосының астына.
Динараның оқырмандары оның бұл қылығына сүйсінді.
«Жарайсың, Динарочка», «Супер ана», «Тіл-көзден аман бол», «Балапан ыңғайланып отырып алыпты», «Ақылды әйел, күтушінің де қажеті жоқ», «Динара – батыр», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Динара Сұлтан қазақы нақыштағы киімімен елді сүйсіндірді (фото)
Динара Сұлтанның жанашыр қызы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)
Динара Сұлтан “Маржан қыз” әнін гитарамен ерекше орындап шықты (видео)
Динара Сұлтан кезекті бейнебаянына сүйіктісін түсірді (видео)