Ұлыбританиялық әйел бір-біріне өте қатты ұқсайтын үшемді өмірге әкелді
Ұлыбританияда Ливерпуль қаласының тұрғыны Бекки-Джо-Аллен бір-бірінен аумайтын үшемді өмірге әкелді.
Бұл туралы news.ivest.kz хабарлайды.
Балалардың ДНҚ-сараптамасын қараған дәрігерлер, үшеуінде де бірдей гендік текті көрсеткенде таңқалыстарын жасыра алмаған.
Ал 23 жастағы Бекки-Джо өзінің үш балаға екіқабат екенін тоғызыншы аптада УЗИ арқылы білген. Рокко, Роман және Роэн кесар тілігін жасату арқылы өмірге келді.
Үшеуінің бір-біріне қатты ұқсайтындығына қарамастан, аналары оларды оңай ажыратады екен. Ол әр баланың өзіне тән мінезін танып алған. Үшемнің алдында үш жасар Индиана есімді қыздары да бар. Индиана да інілерін қатты жақсы көреді әрі оларды анасынан еш қызғанбайды.
Талқылау