Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлты орыс Татьяна домбырамен қазақтың терме-жырларын айтып, елді сүйсінтіп жүр

Атырауда ҚР Мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер, «Парасат» орденінің иегері Татьяна Бурмистрова қазақ әнін нақышына келтіріп айтады. 

“Осыдан қырық жыл бұрын 1976 жылы халық мені «Алтыбақан» телехабары арқылы әнші деп танып еді, одан бері де 40 жыл өтіпті. Өз мамандығым бойынша 7 жыл ғана қызмет жасадым. Бір ақсақалдың: «Шырағым, біздің тәнімізді емдейтін дәрігер табылар, сен жақсы әндеріңмен біздің жанымызды емде», – дегені есімде. Тыңдармандарыма әнші Татьяна ретінде көбірек қажет болдым. «Тамашаға» үш Татьяна болып қазақтың әнін айтып шыққанда, халық сонша риза болды, лдеп жазады kazakh-tv.kz.

Біз туралы фильм де түсірілді. Талдықорғандық Татьяна Полтавская бүгінде Мәскеуде тұрады, ал тараздық  Татьяна Мартыненко баянмен өлең айтатын, екеуі де кәсіби музыка мамандары, кейін бірақ әншілікті жалғастырған жоқ. Домбырамды тастамай, қазақтың ән-термесін жаныма серік етіп, әлі күнге әнімді айтып келемін. Жеке концерттерімді өзім жүргіземін, әр концертте аудиторияға қарай әңгімелерімді, әндерімді іріктеп айтамын. Репертуарымда қазақтың халық әндері, бұрынғы композиторлардың шығармалары, өсиет ретінде айтылатын термелер бар. Бұрын тұрмыстық деңгейдегі тілді білсем, қазір қазақша көсіліп сөйлей аламын, ол қазақ поэзиясын көп оқығанымның жемісі деп ойлаймын”, – дейді Татьяна.

Тағы да оқыңыз:

Депутат Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бисет ата кесенесін ұлттық валютада бейнелеуді ұсынды

Қызылордалық мұғалім ағылшын тілін бомждан үйренген

Халықтың жа­­йын кім ойлайды: Журналист Жансейіт Түймебаевқа сауал жолдады

Талқылау