Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан «аш сарбаздар» туралы сыни жазбаға жауап берді

Қазақстандағы Ұлттық ұлан желіде тараған «аш сарбаздар» туралы жазбаға қатысты пікір білдірді.

Желі қолданушысы Бауыржан Мұсабеков Астанадағы әскери қызметкерлер жөнінде жазба қалдырған еді. Айтуынша, көшеде тұрған үш сарбаз одан тамақ сатып әперуін сұраған.

«Қараңғы уақытта дүкенге бара жатсам, үш сарбаз «Аға, анау дүкеннен бізге 3 сендвич пен бір кола алып беріңізші» деп өтініп, ақша ұсынып тұр», – деп жазды.

Сарбаздар оған өздерінің дүкеннен тамақ сатып алуына болмайтынын айтқан.

Желі қолдануышысы құқық қорғау органдарына «Не себепті сарбаздарға тамақтануға болмайды немесе неліктен олар постта аш тұрады?» деген сауал қойды.

Ұлттық ұлан желі қолданушысының жазбасына жауап берді.

«Патрульдік посттық қызметте тұрған адамдарға шектеу қойылады. Сонымен қатар қызметтен тыс адамдардан әлдебір зат қабылдап, не беріп жіберуіне де болмайды. Әскерилер күніне үш рет тамақтанады. Тамақтану ұзақтығы 7 сағаттан аспайды. Барлық әскерилер табиғи қалыптағы тиісті азық-түлікпен  қамтамасыз етіледі», – делінген хабарламада.

Хабарламада сарбаздардың мереке күндері және жұмыстан тыс уақытта қалаған тағамын жеуге тыйым салынбайтыны жазылған.

Ұлттық ұландағылар көшеде тұрған осы сарбаздардың көп адамды оқыс жағдайда құтқарып жүргенін атап өтті.

Тағы да оқыңыз:

АҚШ-қа көшкен ғалым: Қазақстанда ғылым құрдымға кетеді

Шымкентте эротикалық видеомен танылған шенеунік діни мекемедегі қызметіне қайта келді

Ақтауда 50 жыл бұрын жазылған үндеу көмілген орнынан табылмады

Талқылау