Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық теңгенің алғашқы дизайнын жасаған атақты сәулетші дүниеден озды

Ұлттық теңгеміздің алғашқы нұсқасын жасаған дизайн авторларының бірі, танымал сәулетші Тимур Сүлейменов дүниеден озды деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тимур Бимашұлы Сүлейменов

Бұл ақпаратты Сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Алмасхан Ахметжанов та растады. Қазақстандық дизайн мектебінің негізін салушы танымал сәулетші ауру салдарынан 10 мамыр күні таңертең қайтыс болған.

Тимур Бимашұлы Сүлейменов Қазақстанның дизайнерлер одағының басшысы, Алматы қаласының қала құрылысы кеңесінің мүшесі болды. Ол 1970 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) сәулетші мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры Тимур Сүлейменов Халықаралық өнер академиясының, ҚР Көркемөнер академиясының құрметті академигі атанған болатын.

Сондай-ақ, ол  сәулетші ретінде Алматыдағы Абай мен Достық даңғылдарының, Төле би көшелерінің, Шымкент және Жаңатас қалаларын салудың бас жоспарлары, Түркістанның тарихи аймағын қалпына келтіру және дамыту жобаларын қайта құру және жетілдіру жұмыстарына қатысты.

Еліміздің басты қалаларының орталықтарын дамыту жобаларының авторы болған Сүлейменов бірқатар кітаптар дизайнының нұсқасын шығарған. Ол 1959 жылдан – әрқилы қарапайым жұмыстарды атқарған. 1965 жылдан – «Қазқалақұрылысжобалау»» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі. 1987 жылдан – «Қазақстан Дизайнерлер одағы» РҚБ-ның негізін салушы, президенті. «ДАРТ» шығармашылық-өндірістік кәсіпорнының директоры. ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты. «Бәйтерек» республикалық сыйлығының лауреаты. «Парасат» (2005) орденімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. ҚР Құрметті сәулетшісі.

Тағы оқыңыз:

Ғаламторда қан мен тердің арқасында келген соғыс ардагерлерінің төсбелгілерін тиын-тебенге сатуда

Танымал актер Рахман Омар ұлды болды

Соғыс ардагерлерін Ұлы жеңіс күнімен құттықтаған Қайрат Нұртастың балалары жұртты сүйсіндірді (фото, видео)

Бәрі де әділетсіз: Асанәлі Әшімовтың жары күйеуіне жантебірентер жазба қалдырды

Талқылау