Ұлттық бюро: Бишімбаев зауыт құрылысына бөлінген миллиард теңгені ұрлаған
Жемқорлық айыбымен қамауға алынған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әрекетіне қатысты жаңа деректер жария етілді.
Фото: Kapital.kz
Бұл туралы жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бишімбаев “Бәйтерек ҰБХ” АҚ басқарма төрағасы қызметін атқару кезінде Қызылорда қаласындағы шыны өңдеу және өндіру зауыты құрылысына бөлінген 1 миллиард теңге қаражатты ұрлау үшін “Orda Glass” ЖШС компаниясы және оның еншілес “Шымкентхиммонтаж” ЖШС ұйымы арқылы қылмыстық сызба құрастырған.
“Қылмыстық сызбаға көрсетілген ұйымдардың жетекшілері Д. Ибрашев, Ж. Исабек және М. Қожабаевтар тартылған. Ұрланған қаражат “Металлконструкция құрылыс зауыты” ЖШС компаниясы арқылы жұмысшылардың өмір сүруі мен тамағына төленген ақы ретінде алынған. Аталған сомадан Бишімбаевтың өзі 2 млн долларды өзінің немере ағасы С. Нұрлыбек арқылы алған. Ж. Исабек, М. Қожабаев және С. Нұрлыбекке қатысты сот санкциясына сәйкес қамау шарасы енгізілді. Сотқа дейінгі тексеру жалғасуда”, – делінген хабарламада.
Экс-министр өткен жылдың соңында аса ірі көлемде бірнеше рет пара алу дерегі бойынша ұсталған еді.
Оқи отырыңыз:
Тасмағамбетов Ресейге жұмыс істеуге жіберілді
Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады