"Үлкен арманға бірінші қадам": Әнші Ерке Есмахан тұңғышының жетістігін бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасына тұңғышы Мүсілімге қатысты жағымды жаңалықты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің ұлы Алматыдағы халықаралық мектепке оқуға түскен, бұған әкесі RaiM себеп болған.
“Мүсілім жазғы демалыста Ұлыбританияға, АҚШ-қа барып оқып келгені естеріңізде ғой, иә? Райм баламды шетелде оқытамын деп дайындап жүр. Бір жағынан үлкен баскетболда ойнауға ниетті. Алла бұйырса деп үлкен арманға бірінші қадам жақында жасалды. Жаңа жыл алды барлық пәнді тек ағылшынша оқитын мектепке апарып, тест тапсыртқызды. Бағын сынап көрейін, мүмкін түсіп кетер деген ой болды. Жаңа жыл күніне жақын тест қорытындысы шықты, 31 желтоқсанда тосынсый жасап қуанттық.
Әншінің айтуынша, ұлының баскетболға махаббаты ерекше.
”Мүсілім сабақтарымен бірге баскетболды қатар алып жүр. Таңғы 7:00-де кетіп, кешкі 19:00-де үйге бір-ақ келеді”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан бағалы сыйлық үшін күйеуіне алғыс білдіргені хабарланған еді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты