Украинамен келіссөздерді қайта бастау: Путин Кремлде АҚШ президентінің арнайы өкілімен кездесті

Фото: ТАСС
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу Кремльде өтті, шамамен үш сағатқа созылды. Оған сондай-ақ Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков пен Ресейдің Тікелей инвестициялар қорының (РФПИ) басшысы Кирилл Дмитриев те қатысты.
“Мәскеуде - президент Путин мен Стивен Уиткоффтың кездесуі. Ілгерілеуге қол жеткізіп жатырмыз”, – деп жазды Ресейдің Тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев X әлеуметтік желісінде.
Трамп, Путин және Си Цзиньпин Жер шарын қалай бөлісіп алуы мүмкін: Желіде картаның суреті тарады
Оған қоса, Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков кездесудің конструктивті және пайдалы сипатта өткенін айтты. Оның сөзінше бұл кездесу Ресей мен АҚШ-тың ұстанымдарын тек Украина мәселесінде ғана емес, басқа да бірқатар халықаралық мәселелер бойынша жақындатуға мүмкіндік берген. Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздерді қайта бастау мүмкіндігі де сөз болған. Сондай-ақ, ол Ресей-АҚШ диалогының түрлі деңгейде белсенді түрде жалғаса беретінін атап өтті.
Еске салсақ, Ресейдің сыртқы істер министрі Лавров Ресейдің Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген