Украинадағы соғыста 55 мың сарбазымыз қаза тапты – Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский France 2 арнасына берген сұхбатында 2022 жылдың ақпан айындағы соғыс қимылдары басталғаннан бері Украина қарулы күштерінің шығындары 55 000-нан асты деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шетелдік зерттеу орталықтары 2026 жылдың қаңтарында қаза тапқан украиналық әскери қызметкерлерінің санын 100 000-140 000 деп бағалады.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, қаза тапқан ресми санынан бөлек, көптеген хабар-ошарсыз кеткендер бар дейді. Алайда оның саны белгісіз.
"...Шайқас алаңында қаза тапқан әскери қызметкерлердің ресми саны –55 000. Бұл санға із-түссіз жоғалып кеткендерді қосыңыз", – деді Зеленский.
Украина, АҚШ және Ресей үшжақты кездесу өткізбек: Кездесудің қайда және қашан өтетіні белгілі болды
Украина батыстық серіктестерімен бірлесіп Ресейге қарсы құпия жоспар әзірлеп жатыр
Ашық дереккөздерде негізделген есімдер тізімін жүргізетін жобалар ақпан айының басында Украинада 86 000 адам қаза тауып, 89 000 адам хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады.
2024 жылдың маусым айында Ресей президенті Владимир Путин қаза тапқан ресейлік әскерилер саны украиналықтардан 5 есе аз екенін мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп Давоста өткен дүниежүзілік экономикалық форумда Путин мен Зеленский Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келісім жасауға дайын екенін мәлімдеген еді.