Украинадағы соғыс: Женевада Еуроодақ, АҚШ және Украинамен келіссөз өтеді
Фото: РИА Новости/Алексей Витвицкий
ЕО өкілдері 23 қарашаа, яғни бүгін Женевада АҚШ пен Киевпен Украинаға қатысты америкалық жоспар бойынша келіссөздер өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Германияның үкіметтегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
“Еуропаның жетекші мемлекеттерінің өкілдері жексенбі күні АҚШ пен Украинамен американдық бейбітшілік жоспары бойынша келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Кездесу Женевада өтеді, мұны Германия үкіметінің дереккөзі растаған”, — деп хабарлады.
Сенбі күні президент Владимир Зеленский реттеу келіссөздеріне арналған ұлттық делегация құрамын бекітті. Құрамға тоғыз жоғары лауазымды тұлға кірді. Делегацияны президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак басқаратын болады.
Кремль Ресейдің Зеленскиймен Түркияда өтетін келіссөздерге қатысатынын жоққа шығарды
Украинадағы соғыс тағы бірнеше жылға созылмақ – БАҚ
Ақүй Украина мәселесін реттеу бойынша келіссөздер жалғасып жатқанын мәлімдеді. АҚШ лидері мақұлдайтын жоспар дайын. Десе де Ресей бейбіт келіссөздерге толық ашық екенін білдірді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Киев режимі жауапты шешім қабылдап, келіссөз жүргізе бастау қажет екенін атап өтті.
Бұған дейін Зеленский бейбітшілік жоспарына қатысты пікір білдірген еді.
"Адамды қалай өлтіруге болады деп ашық іздеген": Яна Легкодимованың өлімі бойынша тергеуші істі қалай ашқанын баяндап берді