Украинадағы соғыс: Қазақстан халқының 13%-ы Ресейге жақтас, ал басым бөлігі бейтарап
Қоғам пікіріне экспресс мониторинг жасайтын DEMOSCOPE бюросы Қазақстан азаматтарының Украинадағы соғысқа деген көзқарасын білді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
dw.com
2022 жылғы 4 қарашадан 24 қарашаға дейін ұйым 17 облыс пен үш қалада Украинадағы соғыс туралы сауалнама жүргізген. Оған 1 100 адам қатысқан.
Респондерттердің 22%-ы Украинаға, 13%-ы Ресейге жақтас болып шықты. Ал басым бөлігі ешбір тарапты қолдамай отыр. Олардың үлесі – 59 %.

Барлық дерлік жас категориясында Украинаға жақтастар Ресейді қолдағандардан көп. Бірақ 60-тан асқандардың көпшілігі Мәскеуге болысып отыр.
Ресей Украина аумағына басып-кіргенде қоғамда Мәскеу Қазақстанға да шабуы мүмкін бе деген сұрақ туған еді. DEMOSCOPE-қа сенсек, сауалнамаға қатысқандардың 73%-ы Ресейге Қазақстанға басып-кірмейді деп ойлады.

Жауап бергендер мобилизация жарияланғаннан кейін Ресейден Қазақстанға келіп жатқанына қалай қарайтынын да айтты. Олардың 25%-ы орыс азаматтарының жаппай қоныс аудара бастағанына мүлдем қарсы, ал 22%-ы “маған бәрібір” деп жауап берген. Қолдағандар үлесі – 13%.

Зерттеушілер Қазақстан азаматтарының үштен бірі Ресей пропагандасы мен дезинформацияға сенгіш екенін анықтады.
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты