Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада тұтқынға түскен қазақстандықтар анық соғысуға барған – Бас прокуратура

Бас прокуратура Украинада тұтқынға түскен қазақстандықтардың видеосына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қазақстандықтар

Видеодан скриншот

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қазақстандықтар Ресей әскері қатарында соғысқанын растады. 

"Ол видеоны біз де көрдік. Олар қазір Украинада. Бұл мәселе толығымен зерттеледі. Өздері айтқан мағлұматына қатысты олар анық соғысқа қатысу үшін барған жігіттер. Тағы да қайталап айтамын, бізде 170 және 172-бап (Қылмыстық кодекстің – ред.) бар. Сол баптардың төңірегінде олардың істері қарастырылады. Бұл мәселеге қатысты Украинамен ешқандай байланыс болған жоқ", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Украинада тұтқынға түскен қазақстандықтардың видеосы тараған еді. Жігіттердің бірі видеода Ресейге жұмыс істеп, табыс табу үшін барған қазақстандық ойда-жоқта соғыс алаңына тап болғанын айтқан. 

Бұдан кейін ІІМ мәлімдеме жасап, ақшалай сыйақы үшін шетелдегі соғысқа қатысқандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. 

Талқылау