Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина Трамптың бейбітшілік жоспарына келісім берді

Украинада Трамптың бейбітшілік жоспарымен келісті

Фото: depositphotos.com

Украина Дональд Трамптың әкімшілігі әзірлеген бейбітшілік жоспарының шарттарына келісетінін хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

“Украина Женевадағы АҚШ-пен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде жеткен бейбітшілік бойынша негізгі келісімді қолдайды”, – деп мәлімдеген украиналық дереккөздердің бірі.

Агенттіктің дерегінше, жоспардың кейбір тармақтары әлі де жетілдіруді қажет етеді және олар АҚШ пен Украина президенттері арасында талқылануда.


Украинадағы соғыс тағы бірнеше жылға созылмақ – БАҚ


АҚШ бейбітшілік жоспары Киевке 20 қарашада ұсынылды. Бастапқы шарттардың арасында – Украина НАТО-ға кірмеуі, Қырымды, Донецк пен Лугансты Ресейге тиесілі деп тану бар. Айта кетейік, бастапқы құжат 28 тармақтан 19 тармаққа дейін қысқарды.

Еске салсақ, осыған дейін Женева қаласында Украинадағы бейбітшілік жоспарына қатысты жоғары деңгейдегі келіссөздер өткен еді.  АҚШ мемлекеттік департаментіндегі жоғары лауазымды өкілі Рубио келіссөздердің техникалық деңгейде жалғасатынын айтып, "мақсатымызға ақылға қонымды әрі жақын уақытта жетеміз" деп оптимистік пікір білдірген.

Бұған дейін Зеленский бейбітшілік жоспарына қатысты пікір білдірген еді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 25 Қараша, 2025 22:10
Талқылау