Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада шенеуніктер мен әскери қызметкерлерге Telegram желісін пайдалануға тыйым салынды

Украинада шенеуніктерге, әскери және маңызды инфрақұрылым қызметкерлеріне Telegram желісін пайдалануға тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: shutterstock.com

Бұл шешімді Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі қабылдаған.

Украина қауіпсіздік қызметі мен қарулы күштердің бас штабы Telegram желісін Ресей "кибершабуылдар, зиянды бағдарламаларды тарату, пайдаланушылардың орналасқан жерін анықтау және зымырандық соққыларды дәлдеу үшін" пайдаланады деп мәлімдеді.

Шектеу тек желіні қызметтік міндеттерін орындау үшін пайдаланатын адамдар үшін ғана енгізілген. Басқа украиндықтар қолданбаны жеке құрылғыларында еркін пайдалана алады.


"Жәбірленушілердің көбі кәмелет жасына толмағандар": Оңтүстік Корея халқы Telegram-дағы порнографиялық дипфейктерге қарсы наразылыққа шықты


Euronews мәліметінше, Telegram мессенджері Украинада ресейлік әуе шабуылдары туралы ақпарат алмасу үшін кең қолданылады. Сондай-ақ Украина шенеуніктерінің, соның ішінде президент Владимир Зеленскийдің де халықпен қарым-қатынас жасау үшін қолданатын негізгі желілерінің бірі.

Еске салсақ, бұған дейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Францияда ұсталып, қамауға алынған еді. 

Талқылау