Украина соғысты аяқтау үшін оккупацияланған жерлерінен бас тартуға дайын – Трамптың арнайы өкілі
Фото: Reuters/Кит Келлог
АҚШ-тың арнайы өкілі Кит Келлог Украина бейбіт келісімге қол жеткізу үшін Вашингтонның аумаққа қатысты 22 шартымен келісуге дайын екенін айтты. Алайда Украина мұны заңды түрде мойындауға асықпайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Trt.global басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кит Келлогтыңсөзінше, Киев бейбіт келісімге қол жеткізу үшін Ресей басып алған қазіргі жерлерін іс жүзінде ішінара оккупацияланған деп тануға дайын. Бірақ мұны уақытша деп санайды және келісімді заңды түрде бекітпеді.
“Олар осындай нұсқаға келісіп отыр. Екі тарап арасында бітім орнаған жағдайда әр ел жаулап алған аумақтың өзінде қалатынын түсінеді. Лондонда өткен кездесу барысында АҚШ бейбіт реттеуге қатысты 22 тармақтан тұратын ұсыныс ұсынған. Соның бірі аумақ мәселесіне қатысты болған", – деп атап өтті Келлог.
Сондай-ақ Трамптың арнайы өкілі Ресейдің әскери мақсаттарына жете алмағанын айтты.
"Ресей бұл соғыста жеңіп жатқан жоқ. Соңғы бір жарым жылда Ресей ешқандай елеулі жетістікке жете алмады. Олар Киевті ала алмады. Днепр өзенінен батысқа қарай жылжи алмады, бұл өзен – үлкен кедергі. Олар Одессаны да ала алмады. Ресей жүздеген мың әскерінен айырылды әрі өте баяу жылжып барады. Олар мильмен емес, метрмен жылжып жатыр. Ал украиналықтар өз жерінде соғысып жатыр", – деді Келлог.
Қырымды Ресейге беруге дайын: Трамп Зеленскиймен Ватиканда не туралы сөйлескенін айтты
Келлогтың айтуынша, Украина қарсыласуды тоқтатқан жоқ. Ал Мәскеудің әскери жетістіктер туралы мәлімдемелері шындыққа сәйкес келмейді.
Бұған дейін АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар туралы келісімге қол қойған еді.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
