Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Украина Ресеймен тұтқын алмасу шарасы аясында екі қазақстандық азаматты экстрадициялады

Путин Пасха кезінде бітім жариялауына байланысты екі ел тұтқындарымен алмасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Зеленскийдің Telegram-арнасы

19 сәуірде Ресей президенті православиелік Пасха кезінде барлық әскери шабуылды тоқтатуға бұйрық берді. Зеленский бұл бастаманы қолдап, үнсіздік мерзімін 30 күнге ұзартуды ұсынды.

Пасха бітімінің аясында тұтқындармен алмасу болды. Әр жақтан 246 адам босатылды. Сондай-ақ Украина 31, Ресей 15 жараланған әскери қызметкерді қабылдады.



"Наш выход" қоғамдық қозғалысы жариялаған Украина босатқан тұтқындар тізімінде Қазақстанның екі азаматы бар.

Бұл – Украинаның Ресей Федерациясымен алмасу аясында Орталық Азия елдерінің азаматтарын экстрадициялауының бірінші оқиғасы емес. 2024 жылдың шілдесінде Қырғызстан азаматы Әлішер Тұрсынов тапсырылды.

2025 жылдың басынан бері Ресей мен Украина айына бір рет тұтқындарды айырбастау үш рет жүргізді.

Бұған дейін Путин Пасха мерекесіне орай шабуылды тоқтататынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, бұған дейін Украинада тұтқынға түскен қазақстандықтардың видеосы тараған еді. Жігіттердің бірі видеода Ресейге жұмыс істеп, табыс табу үшін барған қазақстандық ойда-жоқта соғыс алаңына тап болғанын айтқан. 

Бұдан кейін ІІМ мәлімдеме жасап, ақшалай сыйақы үшін шетелдегі соғысқа қатысқандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. 

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 20 Сәуір, 2025 10:29
Талқылау