Украина елшісі Астанаға оралды деген хабардан кейін Ресей Сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісін шақырды
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Украина елшісі Петр Врублевскийдің Астанаға оралғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін Ресейдегі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Врублевский орыстарды өлтіруге шақырған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский, РИА Новости
"Өкінішке қарай, бұл бандералық эмиссар Астанаға ешқашан оралмайды деген уәде орындалмады. Бұл “кейіпкер” Қазақстанның астанасына қайта келді және "киімдерін жинап, отбасын алып кету" үшін емес екені анық. Жасырынбай-ақ, ол дипломатиялық миссияның басшысы ретінде дипломатиялық қабылдауларға қатысып жүр", – дейді Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова. Оның пікірі департаменттің Telegram арнасында жарияланған екен.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Петр Врублевскийдің “Украина режимі мүмкіндігінше көбірек орыстарды өлтіруге тырысып жатыр” деп айтқан видеосы жарияланған болатын.
Содан соң Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі елшіні шақырып, оған наразылық білдірді.
Кейбір БАҚ Петр Врублевский билік талабымен республикадан кеткенін хабарлаған. Алайда ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров елшінің демалыста екенін, Қазақстан оны елден шығаруды талап етпейтінін мәлімдеген.
- "Вова ағайды шақырамыз": Басы дауға қалған Любовь Панова қазір немен айналысып жүргенін айтты
- "Қырымды Ресейдікі деп мойындасын": Илон Маск Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жолын ұсынды
Мария Захарова сөзінше, Астана Ресейге "Врублевский Қазақстаннан тез арады кетеді" деп уәде берген.
Сондай-ақ, Захарова Қазақстан "өз заңнамасын (ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабында ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген)" ұстанатынына сенім білдірді.
Еске салсақ, Қазақстандағы Украина елшісі орыстар жайлы сұхбатынан кейін сынға қалған еді. Ал Ресей Тергеу комитеті Украинаның Қазақстандағы өкілетті елшісі Петр Врублевскийдің орыстарды өлтіру туралы айтқан мәлімдемесіне баға беретінін айтты